Естеріңізге сала кетейік, Зүлфия Чиншанло бұл жолғы Олимпиадада өзінің бұрынғы 53 келі салмақ дәрежесінен 58 келіге ауысып өнер көрсеткен болатын. Ол жалпы есепте қытайлық спортшыдан 17 келі аз көтеріп, екінші орынға тұрақтаған еді.
«Лондон Олимпиадасында ұту үшін Зүлфия басқа жарыстарда көп күш жоғалтпауы керек. Себебі, Лондонға дейінгі аралықта оның қарсыластары көбейіп кетіп, басты жарыс кезінде спортшымыз психологиялық шабуылдарға шыдамауы мүмкін. Сондықтан, сырт көзден мейлінше таса болуы үшін Зүлфия жарыстарда көп көріне бермеуі керек», дейді Алексей Ни.
Ал алтын жүлдегер Жазира Жапарқұлова жалпы есепте 205 келі көрсеткішпен жеңімпаз атанып, ауыр атлетикадан әлемдік додада алтын алған тұңғыш қазақ болып отыр.