Лондон олимпиадасының чемпионы «Классика Сан-Себастьян» веложарысына қатысады

1981 жылдан бер ұйымдастырылып келе жатқан 234 шақырымдық бір күндік бұл байрақты бәсеке UCI ProTou Әлемдік турына кіреді. Онда «Астана» велоклубының намысын Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров бастаған спортшылар қорғамақ. Команда құрамында одан өзге Асан Базаев, Александр Дьяченко, Франческо Гавацци, Симоне Понци, Кевин Зельдраерс, Егор Силин мен Паоло Тиралонго өнер көрсетпек.

Онда бұған дейін «Астана» велоклубының шабандоздары бірде-бір рет жеңімпаз атанбаған болатын. Атап айтқанда, былтыр «Omega Pharma-Lotto» клубынан бельгиялық Филипп Жильбер, ал алдыңғы жылы «Caiisse dEparargne» клубынан испаниялық Луис Леон Санчес үздік шыққан еді.