Лондон орталығында жарылыс болды


Қолданушылар оқиға орнында жүрген полицейлерге сілтеме жасай отырып Оксфорд-стритте болған жарылыстың электр желілеріндегі ақауларға байланысты шыққанын жазды. 

Лондон полициясы қала орталығындағы Оксфорд-стритте "электр желісімен қамтамасыз ету аймағында кішігірім жарылыс" болғанын растады. Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, алайда оның жарақаты ауыр емес.