Лондон-2012: Ә.Ниязымбетовтың қанжығасында кемінде Олимпиада қола медалі

Біздің спортшымыз ирандық Эхсан Роузбаханидің үш раундта да жеңіске жетуіне еш мүмкіндік бермеді. Осылайша шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегін 13:10 есебімен аяқтаған Әділбек Олимпиада алтынына жақындай түсті.

Айта кетейік, 1/8 финалда біздің спортшыға қарсы шыққан эквадорлық Карлос Гонгора Меркадо еш қауқар көрсете алмады. Шаршы алаңның шаңын шығарған Әділбек қарсыласынан 13:5 есебімен басым түскен еді.