Лондон-2012: Д.Гаджиев Олимпиада «қола» медалі үшін грузиялық палуанмен белдеседі

Еске сала кетейік, бұның алдында 84 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан отандық спортшы болгариялық Христо Диянов Мариновты тізе бүктірген еді. Алайда ширек финалда ресейлік Алан Хугаевтен жеңілген болатын. Бірақ жұбаныш белдесуіне шыққан ол беларусьтық Алим Селимовті ұтып, Олимпиада «қоласы» үшін күресуге мүмкіндік алды.

Даниял Гаджиев Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында туған. Ол Дәулет Тұрлыхановтың күрес мектебінде жаттығады. Лондон лицензиясын елордада өткен азиялық турнирде ұтқан еді.