Лондон-2012: Д.Карпов 6 жаттығудың қорытындысы бойынша 8-орында

Ол 110 метрге кедергі арқылы жүгіруде 14,40 секундтық ұпаймен бесінші орынға тұрақтап, 924 ұпай жинады. Осылайша 6 жаттығудың қорытындысында 5165 ұпай жинаған Карпов жалпы кестеде 8-ші орында тұр. Ал онсайысшылардың арасында 5693 ұпай жинаған американдық Эштон Итон көш басында.

Қазіргі уақытта онсайысшылардың келесі жаттығуы диск лақтыру басталды.