Лондон-2012: Д.Карпов 7 жаттығудың қорытындысы бойынша 8-орында

Онсайысшылардың диск лақтыру жаттығуында біздің спортшы 44,93 метр нәтижемен Б тобында 11-ші орынға тұрақтап, 765 ұпай еншіледі. Осылайша 7 жаттығудың қорытындысында 5409 ұпай жинаған Карпов жалпы кестеде 8-ші орында тұр. Ал онсайысшылардың арасында 6409 ұпай жинаған американдық Эштон Итон көш басында.

Онсайысшылардың келесі сырықпен секіру жарысы Астана уақыты бойынша 17:55-те басталады.