Лондон-2012: Д.Карпов 8 жаттығудың қорытындысы бойынша 1 сатыға көтеріліп, 7-орынға табан тіреді

А тобында жарыс жолына шыққан спортшымыз сырықпен секіруде 5,10 метрлік нәтижемен 4-ші орынға табан тіреп, 941 ұпай жинады. Ал 8 жаттығудың қорытындысында Д.Карповтың қоржынында 6871 ұпай бар. Бұл оның 7-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Ал онсайысшылардың арасында 7381 ұпай жинаған американдық Эштон Итон көш басында.

Онсайысшылардың келесі найза лақтыру жарысы Астана уақыты бойынша сағат 23:30-да басталады.