Найза лақтыру сайысында В тобында өнер көрсеткен Д.Карпов 49,93 метрлік нәтижемен 12-орынға тұрақтап, 588 ұпай жинады. 9 жаттығудың қорытындысында 7459 ұпай жинаған спортшымыз жалпы кестеде 2 сатыға төмендеп, 9-орынға табан тіреді. Ал онсайысшылардың арасында 7381 ұпай жинаған американдық Эштон Итон әлі де көш басында.
Соңғы 1500 метрге жүгіру жарысы Астана уақыты бойынша сағат 02:20-да басталады.