Лондон-2012: Д.Шабанбай Олимпиада «қола» медалі үшін күреседі

Өйткені ширек финалда біздің спортшыны жарыс жолынан ығыстырған грузиялық палуан Давид Модзманашвили финал жолдамасын ұтып алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Д. Шабанбайдың 1/8 финалдағы румыниялық Даниэл Чинтоанмен арадағы белдесуі барынша тартысты өтті. Алғашқы кезеңде румындық 3 ұпаймен алға шықса, келесі кезеңде біздің палуан 5:2 есебімен басым түсті. Ал соңғы кезеңде барын салған Дәулет 1 ұпай еншілеп, ширек финалға шыққан еді.
1983 жылы дүниеге келген Дәулет Шабанбай 120 келі салмақ санатында жарыс жолына шықты. Павлодар облысының атынан өнер көрсететін ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін жүлдегері.