Лондон-2012: Д.Шабанбай Олимпиада «қола» медалі жолында мексикалықтың меселін қайтарды

Енді ол Олимпиада «қоласы» үшін ресейлік Билял Маховпен санаулы минуттардан кейін боз кілемде белдесетін болады.

1983 жылы дүниеге келген Дәулет Шабанбай 120 келі салмақ санатында жарыс жолына шықты. Павлодар облысының атынан өнер көрсететін ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін жүлдегері.