Лондон-2012: Грек-рим күресінің шебері Д.Баяхметов алғашқы белдесуін жеңіспен бастады

Грек-рим күресінің шебері Олимпиада жүлдесі жолындағы іріктеу сынындағы белдесуін сербиялық Александр Максимовичке қарсы өткізіп, 3:0 есебімен таза жеңіске жетті. Дарханның 1/8 финалдағы қарсыласы санаулы минуттардан кейін белгілі болады.

1985 жылы дүниеге келген Дархан Азия чемпионы, Венгрияда өткен Гран-придің жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Ол елордада өткен Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған еді.