Бастапқы екі раундта қос боксшы да тең жұдырықтасып, есеп 8:8 болып аяқталған еді. Ал үшінші раундта біздің боксшының сермеген жұдырығы қарсыласына дөп тиіп жатса да қараулық танытқан төрешілер Иванды британдыққа жығып берді.
Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда И.Дычко қарсыласы германиялық Эрик Пфайферді бірінші раунда-ақ нокдаунға жіберген болатын. Дегенмен немістің тәжірибелі боксшысы есін жиып, жарысты соңына дейін жалғастыра алды. Ал 21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының күрзі жұдырық жігіті 14:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан еді. Ал ширек финалда канадалық Саймон Кейнді жүлдесіз еліне қайтарған болатын.