Семсерлесу сайысында ол 19 рет жеңіске жетіп, 16 рет ұтылды. Осының арқасында Р.Сабирхузин 856 ұпаймен үздік ондыққа енді. Екінші жерлесіміз Павел Ильяшенко 760 ұпаймен әзірше 25-28 орында тұр. Бессайыстың алғашқы нәтижесі бойынша ең үздік көрсеткіш - 1024 ұпай чех спортшысы Давид Свободаның еншісінде. Алда әлі жүзу, конкур, нысана көздеу мен жүгіру бар.