Лондонда Гагаринге ескерткіш орнатылды

Агенттік өз сайтында атап көрсеткендей, салтанатты шараға Владимир Поповкиннің басқаруымен Роскосмос делегациясы қатысты.

"Ресей Юрий Гагариннің біздің отандасымыз болғанын мақтан тұтады. Бірақ ол бүкіл Жер бетінің жіберген өкілі болды. Ол тұңғыш болып ғарышқа жол салды. Біз Ұлыбритания билігіне Гагаринге ескерткіш орнататын орын ретінде Лондонды таңдағанынан ризамыз", - дейді В.Поповкин.
Ол Ресей президенті Дмитрий Медведевтің салтанатқа қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып берді.