Лондонда "Kazakhstan Growth Forum" атты конференция өтеді

Конференцияға 600-ден астам жеке және мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар және БАҚ, сондай-ақ қазақстандық жеке сектор өкілдері қатысады . Осы конференцияға қатысып, баяндама жасайтындығын бүгінге дейін Лондон Ситидің Лорд Мэрі Дж.Статтард, ЕДҚБ-нің президенті Ж.Лемьер, Қазақстан-Британ Қоғамының төрағасы Лорд Фрейзер мырзалар қуаттады. Қазақстаннан бұл шараға қазақстандық жеке секторының өкілдік делегациясы күтілуде.

Конференцияны Қазақстанның саяси-экономикалық, инвестициялық климаты, заңнамалық және салық базасын негізі, мұнай мен газ, қаржы секторы, жылжымайтын мүлік және құрылыс, металлургия, электроэнергетика, көлік және инфрақұрылым, агрокәсіптік кешені секілді экономиканың барлық секторларының даму мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік беретін 3 күндік іс-шара түрінде өткізу жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті