Лондонда Пикассоның «селфиі» көрмеге қойылды


Қылқалам шеберінің қолынан шыққан сурет - өзінің автопортреті. Пикассо оны 1901 жылы салған. Бірақ сурет салынғаннан кейін ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кейін 12 жылдан соң басқа бір суреттің артқы жағына қыстырылған күйі табылған. Лондонда өтіп жатқан «Селф» атты шараға орай қойылған туындыда 21 жастағы Пикассоның өзі бейнеленген.