Конференцияның мақсаты "халықаралық ресми және іскерлік ортаға Қазақстанның шешуші экономикалық салалардағы даму стратегиясы, қарқыны мен жоспарларын таныстыру, сондай-ақ, британ капиталының елдің экономикалық дамуына атсалысу түрлері мен ауықымы жайлы пікір алмасуға саяды".
Үш күндік форумның күн тәртібіне Қазақстандағы ағымдағы және болжамдық макроэкономикалық және инвестициялық ахуал, еліміздің халықаралық сахнадағы бәсекелестік қабілетін көтеру, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы, халықаралық қаржылық дағдарыс және оның Қазақстанның нақты экономикасына тигізген әсері, Қазақстандық компаниялардың келешек IPO шаралары, Қазақстанның ДСҰ-ына өтуі, өнеркәсіптің шикізат өндіруші салаларының келешегі, елдің бизнес-ахуалын бағалау, отандық банк секторының әлемдік қаржы нарығы жағдайындағы ахуалын талдау мәселелері қамтылған.
Форумға жеке меншік және мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдар мен журналистерден 500 жуық өкіл қатысады. Ал Қазақстан жағынан жеке меншік сектордың 100 астам өкілдерінен ауқымды бизнес-делегация қатысады.
Осы форумға орай Ұлыбританияның "Newsdesk Media Group" баспа үйі Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен "Invest in Kazakhstan" атты жыл сайынғы үшінші жинақты шығарды, ол батыс инвесторлары үшін Қазақстан экономикасы туралы бірегей оқу құралы болып табылады. Сонымен бірге, форум қатысушыларына "Financial Times" Қазақстан туралы арнайы санын таратады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, конференция қарсаңында 1 шілдеде Қазақстан -Ұлыбритания сауда-өнеркәсіптік кеңесінің (KBTIC) кезекті 12-ші отырысы өтті, оның барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы энергетика, ауылшаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.