«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған футбол турнирін ұйымдастырады. Жолдастық кездесулер Лондон қаласындағы Mile End Park стадионында өтеді», делінген хабарламада.
Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат - Ұлыбританиядағы қазақстандық студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұйымдастырушы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарының бірі Данияр Досымбековтің айтуынша, додаға London, Reading, Colchester, Norwich, Southampton, Bath және Newcastle қалаларының ЖОО-ларында білім алып жатқан қазақстандық студенттер атсалысады.