Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Жұмадағы кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $1,75-ке өсті.

Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1060,55(+11,05), британ фунтымен есептегенде 931,878(+7,375) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.