Лондонда ұшаққа жай түсіп, әуежайға шұғыл қонды

Манчестерден Агадирге қарай ұшқан  (Марокко) Boeing 737-800 бейсенбі  күні кешке әуеге көтерілгеннен бір сағаттан кейін ауа райының тосын мінезі салдарынан сапарын тоқтатты.  189 жолаушы мінген ұшақ Гатвикке сәтті қонды. Екі сағаттан кейін өз маршрутын қайта жалғастырды, деп хабарлады  РИА Новости   Sun газетіне сілтеме жасап.

Авиакомпания оқиғаны растады және ұшаққа найзағай түсетін сәттер өте сирек жағдай екенін атап өтті.