1-7 желтоқсан күндері Бірккен араб әмірлігінің Шарджа қаласында өткен бұл дүбірлі додаға спорттың 9 түрі бойынша 42 елден спортшылар қатысқан болатын. Онда қазақстандықтар жеңіл атлетика мен суға жүзу спорты бойынша қатысып, 6-орынға ие болды,
«Жеңіл атлеттер арасындағы жарысқа 38 елдің спортшылары қатысты.
Олардың арасында басты қарсыластарым Қытай мен Ресей атлеттері болды. Онда 11 әлем рекорды жаңарды. Онда ұзындыққа секіруден жүлделі орын иелене алмасам да, Паралимпиада нормативін орындап, 2012 жылы Лондонда өтетін Паралимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алдым», - дейді Аманат Қалқаев.
Қазақтың туризм және спорт академиясында білім алып жатқан ол Шарджада 100 метрлікте алтыншы, 400 метрлікте жетінші орын алған болатын. Көрсеткен нәтижелеріне көңілі толмайтынын айтқан Әділет жаттығу кезінде қол жеткізген көрсеткіштерін қайталағанда қола жүлдегер атануға мүмкіндік болғанын айтты. Сондықтан барлық күш-жігерін ол енді Лондонда үздік үштіктің қатарынан орын алуға бағыттамақ. Бұған дейін Азия ойындарында 3-орын алған жеңіл атлет Бүкіләлемдік ойындардан үлкен сабақ алғанын, ондағы қателіктерді енді Лондонда қайталамауға тырысатынын айтып отыр.