«Динамо» бұқаралық спортты және жалпы спортты дамытуға үлкен үлес қосып жүрген қоғамымыз. Сондықтан ең алдымен қоғам мүшелері мен басшыларына үлкен алғыс айтқым келеді. Олар әрдайым бізге көмектесіп, үлкен спортты өркендетуде. Соңғы жылдары күш құрылымдары арасында да спартакиадалар өткізіліп, әйгілі спортшыларға қолдау көрсетілуде. Біздің міндет енді осы сенімді ақтау. Динамошылардың әрдайым күшті екенін тағы да дәлелдеп, елге барынша көп медаль әкелу керек», - деді Е. Қанағатов.
Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғағалы отырған. 115 спортшының 64-і - динамошылар. Олар спорттың 15 түрінен сынға түспек. 2008 жылы Бейжіңде өткен ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарға 63 динамолық спортшы қатысып, оның 11-і елге жеңіспен оралған еді. Оның екеуі алтын, төртеуі күміс, бесеуі қола медаль еншіледі. Олардың арасында еліміздің әнұранын Қытай астанасында шырқату бақыты боксшы Бақыт Сәрсекбаев пен ауыр атлет Илья Ильинге бұйырған болатын. Илья биыл да сол межеден көрінуге үмітті болып отыр.