Лондондағы Олимпиада қарсаңында Астанада күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турнирі өтеді

Бұл жайында ҚР Күрес федерациясы хабарлап отыр.

Жарысқа сары құрлықтың 22 елінен командалар келмек. Қатысушылар арасында әлемнің азулы балуандары да бар. Бүгінде ресми делегациялар Астанаға келуді бастады.

Осыған орай, 28 наурыз күні сағат 12.00-де «Дәулет» спорт кешенінде журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Жиынға ҚР Күрес федерациясының президенті, ФИЛА Бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов, грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мұратбек Қасымханов, еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алтай Танабаев, әйелдер еркің күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Саржан Жақсыбеков және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қатысады.