«Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов Нұрмахан Тынәлиевке (грек-рим күресі) және Дәурен Жұмағазиевке (еркін күрес), олардың жаттықтырушылары Мәулен Мамыров пен Азамат Көкебаевқа ақшалай сыйлықтар берілді. Спортшыларға Т888 мыңнан, олардың жаттықтырушыларына Т444 мыңнан табыс етілді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының бастығы Мұхит Тұрсымбаев.
Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар жеңіп алған жеті лицензияның екеуі Алматы облысының спортшыларында.
Н. Тынәлиев - Гуанчжоуда өткен XVI жазғы Азия ойындарында греко-рим күресінен чемпион, сондай-ақ, 2010 жылы Мәскеудегі әлем чемпионың қола жүлдегері, 2011 жылы Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Д. Жұмағазиев – 2011 жылғы Азия чемпионы, 2011 жылғы Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.