Награданы АҚШ өнер және грамжазба техникасы ұлттық академиясы жыл қорытындысы бойынша ең үздік музыкалық жетістіктері үшін тағайындайды. Шара «Степлс» спорттық ойын-сауық кешенінде жергілікті уақытпен сағат 17:00-де (мәскеу уақытымен 9 ақпанда сағат 04.00-де) басталады. Бұл жолы ұйымдастырушылар аталымдарды 108-ден 83-ке дейін қысқартуға ұйғарды. Соның ішінде жетпіс жеңімпаз негізгі салтанат басталғанға дейін жарияланады. Сөйтіп, шоуды ұйымдастырушылар халықаралық трансляция үшін ең танымал санаттарды ғана қалдырады. Ең беделді аталымдар «үлкен төрттікке» біріктірілген. Олар - «Жыл жазбасы», «Жыл альбомы», «Жыл әні» және «Үздік жаңа орындаушы».
Шоу көрермендерін әнші Рианнаның бүкіләлемдік премьерасы күтуде, ол Пол Маккартнимен және американдық рэпер Канье Уэстпен бірге өзінің "FourFiveSeconds" синглін орындайды. Шоуға жұлдыздар Мадонна, Леди Гага, Том Джонс және Энни Леннокс, атақты AC/DC қатысады деп күтілуде.
«Степлс» 21 мың көрерменге арналған. Жыл сайын орталық 250-ден астам мәдени, спорттық және басқа да шараларды, соның ішінде Ұлттық баскетбол қауымдастығы чемпионатының финалын, АҚШ-тың мәнерлеп сырғанау чемпионаттарын, саяси партиялардың съездерін өткізеді.
«Грэмми» сыйлығы алғаш рет 1959 жылы 4 мамырда тапсырылды, содан бері жыл сайын, 2004 жылдан бастап, Лос-Анджелесте өткізіліп келеді.