Әншінің өзі тыңдармандарына алғыс білдірді және өзінің бақытты екенін айтты.
Димаш АҚШ-қа бірінші рет келіп тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Лос-Анжелес әуежайында тыңдармандары жылы құшақ жая қарсы алды. Кездесудің фотосы мен видеосы АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Димашты оның фанаты Патрис Груллион да қарсы алды. Патрис сүйікті әншісі үшін осы жазда Қазақстанға да арнайы келген.
Ал екінші жанкүйері көзіне жас алды.
«Сіз оны кездестірмегенше, ол сіз үшін өзгелермен бірдей болуы мүмкін», - деді фанаты.