Сонымен қатар осы жұмыс тобының қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы да беріліп отыр.
Сейітсұлтан Әйімбетов: «Бұл заң жобалары лотерея қызметін тиімді мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге, осы қызмет түріне мемлекеттік органның құзыретін бекітуге, жеке субъектілер қызметін жүзеге асыруы үшін құқықтық негіздерді белгілеу мен олардың мемлекеттік органдармен нақты өзара іс-әрекеттерін камтамасыз етуге бағытталған»,- деді.
Айта кету керек, 28 қазан күні Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен аталған заң жобаларының таныстырылымы болып өтті. Заң жобалары бойынша ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов баяндама жасады.