LRT қашан іске қосылады және жолақы қанша теңге болады? – Әкім жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл 29 немесе 30 қыркүйекте жүзеге асады.

Бірінші пойыз, мысалы, Абу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел көпірі бағытында жолға шығады. Алғашқы аптада 1-2 станция аралығында тестілік режимде жүреді. Кейін біртіндеп пойыз саны, станциялар мен жұмыс уақыты көбейеді, – деді әкім.

Қасымбектің айтуынша, тестілік кезең 3 айдан 6 айға дейін жалғасады. Қазан айында қалаға қосымша 8 пойыз жеткізіледі. Желтоқсан айының соңына дейін барлық 18 пойыз толық келеді деп күтіліп отыр.

Жоспар бойынша, келесі жылдың басында барлық құрам тест режимінде жұмыс істейді. Ал желтоқсанның соңында немесе қаңтардың басы мен ортасында барлық пойыз сынақ режимінде қатынайды, – деді ол.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жолақысы 200 теңге болуы мүмкін.