LRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына қарай іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары орындалды", - деп жазды компания.

Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.

Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.