Луганскіде әскери бөлімше маңында қақтығыс болуда, екі жақтан да адам шығыны бар

«28 мамыр күндіз террористер Украина Ұлттық гвардиясы Шығыс аумақтық бірлестіктің 3035 әскери бөлімшесін басып алуға әрекет етті», - делінген хабарламада.

Әскерлер шабуыл жасаушыларға қарсы тұруда. Қазір әскери құрам арасынан да, шабуылшылар арасынан да адам шығыны бар, делінген хабарламада.