Луганскінің жарық пен сусыз, байланыссыз қалғанына 18 күн болды, қалада шайқастар жалғасуда

деп хабарлады Луганск қалалық кеңесінің баспасөз қызметінен.

"18 күн бойы адамдар жарықсыз, сусыз, байланыссыз отыр, ұрыстар тоқтамай отырғандықтан энергияның берілуін қалпына келтіруге мүмкіндік болмай отыр", делінген сәрсенбіде жария етілген хабарламада.

Қалада ең керек деген азық-түлік пен нан сатылады, алайда дәрі мен отын қалаға көптен бері жеткізілмей отыр. Бірнеше ай бойына жалақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер төленбеді.