Луговое ауылының тұрғындары өз үйлерін жергілікті атқамінерлердің қалпына келтіруге мәжбүрлеуіне наразылық білдіріп аштық жариялауға дайын

Наразылық білдірушілердің пайымдауынша, ауылдың билік тұтқасын ұстап отырғандар жер сілкінісінен зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіруге бөлінген қаржыны нақты мақсатқа сәйкес пайдаланбай отыр. Наразылық білдірушілердің айтуынша, олардың үйін құрылыс компаниялары қайтадан қалпына келтіруге жарамайды деп тапқан. Ал жергілікті билік иелері болса, оларға үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге мәжбүрлеуде.

Бүгін Астанаға осындай себеппен Луговое ауылының 10 отбасынан өкілдер келді. Олар Елбасының атына мәлімдеме жазып әкелген. Наразылық шарасына қатысушылар Елордасына келген бұйымтайлары орындалмайынша, орнымыздан тапжылмаймыз деп уәде беруде.