Луина продюсерімен келісім-шартын тоқтатып тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Ресми келісім-шарт тоқтатылады. Алайда Луина мен Жомарт Сүлейменовтің жұмысы әрі қарай өз жалғасын табады. Себебі оларды қызмет қана емес, жеке өмір өзара байланыстырады. Бұған дейін Луина продюсерінің өз сүйіктісі екенін, онымен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұрып жатқанын айтқан еді.


«Ол менің продюсерім болып қала береді. Ендігі мақсатым – тұрмысқа шығып, ана атану», – деп дөп басып айтты Луина.