Луис Суарес Барселона сапында ойын алаңына шықты


Ол «Барселона» мен мексикалық «Леон» арасында өткен жолдастық кездесудің 76 минутында ойын алаңына шықты, бірақ, Суарес гол соғып, ерекшелене алған жоқ.

Барселона мексикалықтарды 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Клуб ойыншылары: Лионель Месси, Неймар, Эль-Хаддади Мунир және Сандро Рамирес гол авторлары атанды.

Еске сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты кезінде Л.Суарес итальяндық қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны үшін ФИФА оны төрт айға футболға қатысты кез келген іс-шарадан, одан қалды әкімшілік жұмыстардан да шеттеткен болатын. Алайда кейін ойыншының өзі және «Барселона» клуб басшығылы бұл шешімге қатысты шағым келтірген болатын. Осыған байланысты, Спорт істері бойынша төрелік ететін соттың 14 тамыздағы шешімімен  ФИФА талабы өзгеріссіз қалдырылып, Суареске тек, жолдастық кездесулерге қатысуға рұқсат етілді.