Лукашенко Ресейдің кейбір аумағын Қазақстанға қайтаруды талап етті


Александр  Лукашенко, Беларусь президенті:

- Біз Украина мемлекетінің қирауына жол бермейміз. Қазір кейбіреулер Қырым кезінде Киевтің қарамағына заңсыз өтіп кеткен деп айтып жатыр ғой. Мәселеге олай қарасақ, Ресейдің де көп аймағы өзгенікі. Мәселен, тең жартысы Қазақстандікі, Монғолиянікі. Тарихқа көз жүгіртесек, ол жерлер кезінде Бату ханға қараған. 

Лукашенко журналист Серджио Кантонмен арадағы әңгімеде сондай-ақ, Ресей мен Украина арасындағы дауға нүкте қою жолын да ұсынып отырғанын жеткізді. Бірақ әзірге оған тараптар қарсы да болмапты, қолдау да білдірмеген. Десе де Лукашенко көршілерінің арасында бейбітшілік орнауы үшін бар күшін салмақ ниетте екен. Сондай-ақ, өз елі үшін де саяси шиленістің әсері болады деген қорқынышының да барын жасырмады. Сондықтан Беларусь басшысы, астарлап болса да, әріптесі Владимир Путинді ақылға келуге шақырып отыр. Жалпы, ол Қырымның Ресейге өтіп кеткенін қолдамайды.