"Лукойл" мұнай компаниясы өз өнімінің 15 процентін шетелдерде өндірмек ниетте

Шетелдік жобалар бойынша мұнай өндіру көлемінің жылдық өсу қарқыны 2013-жылға дейін 25 процент деңгейінде межеленіп отыр.

"Лукойл" мұнай компаниясы өндірген жалпы мұнай көлемінің бүгінде 3-4 проценті халықаралық жобалардың үлесіне тиіп отыр. Болашақта компания бұл мөлшерді 15 процентке дейін арттыруды көздейді.
Шетелдерде мұнай өндіру жобаларының арасынан компания Орталық Азия және Каспий аймағына басымдық береді. "Лукойл" мұнай компаниясы әсіресе Қазақстан және Әзербайжанда белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Өзбекстанда да жаңа мүмкіндіктер іздестіріп жатқан Лукойл өзіне тиімді жағдайда Түрікмендік жобаларды да қарауға дайын.
"Лукойл" мұнай компаниясы шетелдік мұнай жобаларына мұнай эквивалентінің әрбір барреліне 1,5 доллар көлеміндегі операциялық орташа шығын шығарса, компанияның жалпы осындай орташа шығыны әрбір баррельге 2,56 долларды құрайды.