Лувр мұражайлар арасында 2012 жылы келушілер саны жағынан рекорд жасады

«Бұл жаңа рекорд Луврдың әлемдік мұражайлар арасында көш бастап отырғанын айғақтайды», делінген мұражай басшылығының қысқаша мәліметінде.

2012 жылы келушілер саны 2011 жылғы көрсеткіштен шамамен 1 млн адамға артық.
Мұражайдың тұрақты экспозициясымен қатар, 2012 жылы уақытша көрмелер 660 мың адамды тартты, бұл 2011 жылғыдан 29% артық.