Е.Ашықбаевтың айтуынша, "Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Юнкер Қазақстанға 26-28 маусымда ресми сапармен келеді".
"Сапар барысында Люксембург үкіметі басшысының еліміздің басшылығымен кездесуі, Қазақстан-Люксембург бизнес-форумына қатысуы, С.Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Г.Кюнцигер атындағы профессорлық клиника және микробилогиялық зертханасына баруы жоспарланған",- деді ол.
Сонымен бірге, Е.Ашықбаевтың айтуынша, "25-27 маусымда БҰҰ бас хатшысының гендер мен әйелдер жағдайы бойынша арнайы кеңесшісі Р.Маянджи Астанаға сапармен келеді".
СІМ ақпаратына сәйкес, "сапар шеңберінде Р.Маянджи Еуразиялық әйелдер саммитіне (25-26 маусым) және 1-ші Астаналық Экономикалық форумға ( 27 маусым) қатысып, ҚР парламенті және министрліктер мен ведомстволарының басшылығымен кездеседі, сонымен қатар ұлттық кітапханың жанындағы БҰҰ Ақпараттық орталығына және Республикалық Ана мен бала орталығына барады деп жоспарланған.