"Люксембург Еуропаның жүрегі ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстанда біздер де премьер-министр Жан-Клод Юнкердің сапарын Еуропаның Қазақстанмен арадағы екі жақты қарым-қатынасты дамытуға деген жарқын ниетінің көрінісі ретінде бағалаймыз", - деді мемлекет басшысы. "Бұл сапар Люксембургпен арадағы қарым-қатынасты дамытуға ғана емес, Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығына да тың серпін береді деп сенемін", - деді ол.
Назарбаев "қазір Еуропалық Одақтың Қазақстан үшін №1 сауда серіктесі екенін" атап өтті. "Біз жалпы ЕО-пен және әрбір ЕО мүше елмен жеке байланыстырымызды нығайта түспекпіз", -деді президент.
"Жуырда біз Парижде президент Саркозимен бірге Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойдық. Біз енді Еуропалық Одақтың әрбір мемлекетімен осындай келісімге келгіміз келеді", - деді ол.
Өз кезегінде Люксембург үкімет басшысы Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты кеңейтуден мүдделі екенін атап өтті. "Біз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан ел екенін және ілгерілеушілікке қарай жылжи түскенін көріп отырмыз", -деді ол.