"Қазақстан мен Люксембург арасында стратегиялық серіктестік байланыс орнатылуға тиіс екені айқын", -деді Жан-Клод Юнкер. Ол "Қазақстанның өңірдегі шешуші ойыншы екенін" атап өтті. "Меніңше, Қазақстан тұрақтылық пен орнықтылықтың тұтынушысы емес, өңірдегі осы тұрақтылықтың генераторы", -деді Люксембург премьер-министрі.
Люксембург үкімет басшысы "Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы республиканың дамуына тың серпін береді" деп сенеді. "Менің пайымдауымша, бұл төрағалық Қазақстан үшін ұлы сәт болмақ, өйткені, сіздің өңірдің мемлекеті алғаш рет ЕҚЫҰ-ына төраға болады", - деді ол.
Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $9,6 млн жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Люксембургтен Қазақстанға электрлік техникалық жабдықтар, тоқыма өнімдері мен металл импортталады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Люксембург тарапынан Қазақстанға жұмсалған инвестициялардың көлемі $103 млн болды.