М. Әбіләзов пен БТА Банктің бұрынғы басшыларына қатысты тағы 8 қылмыстық іс қозғалды


«Қаржы полициясының тергеу-жедел тобы «БТА Банк» АҚ-ның қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істерді тергеу барысында Мұхтар Әбіләзовтің және банктің басқа да бұрынғы басшыларының үстінен оффшорлы компанияларға қасақана қайтарымсыз несиелер беріп, банкке 317 млн. АҚШ доллары көлемінде зиян келтіргені үшін тағы 8 қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық істер тергелу үстінде. Тергеу барысына нұқсан келтірмеу мақсатында өзге ақпараттар жарияланбайды», - деді М. Жұманбай.