Митрополит Александр Министрге жаңа каноникалық құрылымы - Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуі Митрополиттік округінің құрылғаны туралы хабарлады. Сонымен қатар, Алматы епархиалдық басқармасының діни-мәдени орталығын кеңейту, Успен кафедралды соборының жанында әкімшілік және діни-мәдени орталықты салу туралы алға қойылған жоспарларын айтты.
Кездесу барысында Митрополиттік округ және ҚР Мәдениет министрлігі арасындағы өзара іс-қимылдың жағдайы мен перспективалары туралы ой бөлісілді. Осы орайда конфессияаралық ынтымақтастық, жас ұрпақтың рухани-өнегелі тәрбиесіне бағытталған ағартушылық және білім беретін бағдарламалар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
М.Құл-Мұхаммед мәдениет, дін және тілдерді дамыту саласындағы жүргізілетін жұмыс туралы әңгімелеп, Митрополит Александр ұсынған бірқатар жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге ниет білдірді.