М. Саакашвили сайлауда жеңіске жетті - Грузия Орталық сайлау комиссиясы

"Михаил Саакашвилиге 53,47 % (1 млн. 060 мың 042 сайлаушы) дауыс берген. Біріккен оппозицияның кандидаты Леван Гачечиладзе 25,69 % (509 мың 234 сайлаушы) дауыс жинаған. Бизнесмен Бадри Патаркацишвили 7,10 % (140 мың 826 сайлаушы). Грузия президенттігінен үміткер өзге кандидаттар 7 пайыздан аз дауыс жинаған. Лейбористердің көшбасшысы Шалва Нателашвили - 6,49% (128 мың 589). "Жаңа оңшылдар" партиясының кандидаты Давид Гамкрелидзе - 4,02 % (79 мың 747 сайлаушы), "Болашақ партиясының" жетекшісі Гия Майсашвили 0,77 % (15 мың 249 сайлаушы), "Имеди" партиясының жетекшісі Ирина Саришвили 0,16 % (3 мың 242 сайлаушы) дауыс жинады", - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы. Қорытынды хаттама сайлау комиссиясының мүшелерінің көпшілік дауысымен бекітілді. Орталық сайлау комиссиясының 13 мүшесінің жетеуі қолдап дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының оппозициялық алты мүшесі "президент сайлауының қортындысы қолдан жасалды", - деп мәлімдеп, қорытынды хаттамаға қол қоюдан бас тартты

Қорытынды хаттама бекітілгеннен кейін Тбилисидің ортасында ауқымды қарсылық шеруі өтті. Шеруге 15 мыңнан астам адам қатысты. Акцияға қатысушылар агенттік тілшісіне мәлімдегендей, шеруге шыққандардың басты талабы сайлаушылар дауысын қайта санау және Л. Гачечиладзе мен М. Саакашвилидің қатысуымен президент сайлауының екінші турын өткізу болып табылады.

Грузиядағы кезектен тыс президент сайлауы Грузия президенті М. Саакашвилидің бастамасымен 5-қаңтар күні өткен болатын. Сайлаумен бірге Грузияның НАТО-ға мүше болу және парламент сайлауы өтетін күнді анықтау мәселелері бойынша плебисцит болды.