М. Жолдасбеков, А. Әшімов сынды ел ағалары Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған бильярдтан турнирде күш сынасады

Ол журналистер күніне және белгілі ғалым-публицист Ақселеу Сейдімбектің туғанына 70 жыл толуына орайластырылып отыр. Жарысты Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті, Журналистика мәселелерін зерттеу институты бірлесіп ұйымдастыруда. Оған А.Сейдімбектің жақын туыстары мен әріптес достары да шақырылып отыр.

Турнирге қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлініп өзара сайысқа түсетін болады. Алдыңғы аға буын өкілдерінің тобын Мырзатай Жолдасбеков, Асанәлі Әшімов сияқты Ахаңның замандастары бастайды. Онда жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар кубок пен ақшалай сыйлық тағайындап отыр. Сондай-ақ әртүрлі аталымдар бойынша арнайы дипломдар беріледі деп жоспарлануда.