«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына көптеген елдер қызығушылық танытып отыр - Мемлекеттік хатшы

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет» халықаралық форумында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

«Қазақстанның «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 2003 жылдан бастап Елбасының бастамасымен іске асырылды. Осы уақытта бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл бағдарламаға көптеген мемлекеттер қызығушылық танытып отыр және осы орайда біз қуана-қуана өзіміздің тәжірибемізбен бөлісудеміз»,-деді М. Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Астанада қысқа мерзімде мәдени тұрғыда маңызы бар нысандар аясында Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Қазақстан орталық кино-концерт залы, Өнер университетінің ғимараты және басқа да атаулы нысандар салынғанын еске салып өтті.

«Атап айтқанда, шын мәнінде Астана достастық елдердің мәдени Астанасына айналды. Мұнымен қоса қазіргі кезде елордада жаңа опера және балет театрының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Біздің тәуелсіздігіміздің күніне дейін, яғни 16 желтоқсанға дейін оны құрылысы аяқталады деп үміттенеміз. Осы тектес бірегей нысандар мұндай ауқымды форумдарды өткізуге мүмкіндік беріп отыр»,-деп түйіндеді М. Құлмұхаммед.