А.Досжанның айтуынша, мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің сарапшылары Қазақстан журналистерінің конгрессі әзірлеген "БАҚ туралы" заңның жобасы "үкімет жобалаған заң жобасымен салыстырғанда артықшылықтарға ие" деп бағалап отыр. Вице-министр осы орайда 2005-жылға арналған заң шығару жұмыстарының жоспарынан үкімет "БАҚ туралы" заңның жобасын алып тастағанын еске салды.
Дегенмен, вице-министрдің айтуынша, Конгресс ұсынған "БАҚ туралы" заңның кейбір нормалары қазірдің өзінде үкіметтің кейбір нормативтік актілеріне қамтылып үлгерді. Бұл ретте электрондық БАҚ-тардың жұмысын реттеейтін техникалық ережелерді атауға болады.
Вице-министр Конгресс жобалаған заң жобасының парламент депутаттарының қарауына ұсынылу мүмкіндігін жоққа шығармады. "Парламентте журналистердің үлкен күшке ие болғаны белгілі",- деді А.Досжан.
Вице-министр журналистер конгресіне министрлікпен бірлесе отырып заң жобасының ең қолайлы үлгісін әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.