Мәдениет министрі Жолдыбаеваның клиптері туралы: Маған ұнамайды

Бұл туралы "Талқылайық" бағдарламасына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист Аман Тасығанның "Карамельдерге қалай қарайсыз?", - деген сұрағына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова былай жауап берді:

"Жалпы өзімнің жасыма қарай, талғамыма қарай бұл нәрселер маған ұнамайды. Қазақтың әдет-ғұрпына, қазақтың тағылымына келмейтін нәрселер деп ойлаймын", - деп айтты Мәдениет және спорт министрі.