Атап айтқанда, бұлар "ҚР баспа ісі жөніндегі" , "ҚР интернет жүйесінің сегменті жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" , "Кітапхана мен кітапхана ісі жөнінде" , "Мұражайлар мен мұражай қорлары жөнінде", "Меценаттық және демеушілік жөнінде" , "Кинематография туралы" және " Басқару қызметін дерекпен қамтамасыз ету туралы" заң жобалары болады, деді министр.
Сонымен қатар, Е.Ертісбаевтың пайымдауынша, бюджетті тиімді жоспарлау үшін мәдениет саласын қаржыландыру мен шығындар көрсеткішін енгізу қажет.
Мәдениет министрі 2008 -2010 жылдарға арналған Қазақстанның ақпараттық-инновациялық даму стратегиясын жасауға кірісу қажеттігін мәлімдеді. Министр 2007 жылды өз ведомствосында қазақ тілінің жылы деп жарияламақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті