Мәдениет және ақпарат министрі мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді ұсынып отыр

"Шығармашылық қызметкердің әлеуметтік дәрежесінің белгісіздігі және төмен жалақы мәдениет қызметкерлерінің абыройын өсіруге және жергілікті жерлерде кадрлардың сақталуына теріс әсер етіп отыр", - деп атап көрсетті ол. Министр қазіргі таңда мәдениет саласының жалақы деңгейі денсаулық сақтау және білім беру слаларынан 10-20 пайызға кем екенін атап көрсетті.

Е. Ертісбаев, сондай-ақ, мәдениет қызметкерлерін үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттігін атап көрсетті. "Мысалы, тек Астанада министрлікке қарасты ұйымдардың 1458 жұмысшысының 754-інің пәтерлері жоқ. Бұл іс жүзінде жұмысшылардың 50 пайызы", - деді министр.

"Бұл мәселені жағдайы жоқ мердігерлерден салынып бітпеген объектілерді сатып алып, кейін бітіру арқылы немесе мәдениет қызметкерлеріне тұрғын үй кешенін салуға бюджеттен қаражат бөле отырып шешуге болады. Сонымен бірге, құрылысқа жер телімін бөлу және тұрғын үй құрылысы кооперативін құру арқылы да қол жеткізуге мүмкіндік бар", - деген ұсыныс тастады министр.